Бұл альбом екі жылдай жазылды. Шығарылатын күні біресе белгіленіп, біресе шегеріліп талай тыңдармандарды қатты күткізіп мезі еткені бар. Уақыт өтіп жатты, 20 шақты тректен құралған альбом 30 тректік альбомға айналды. Кейін әндер саны 40 тректен асып жығылды. Ал ойлар, толғаныстар, шабыт әлі бітпеді... Бірақ барлық нәрсенің шегі бар, сондықтан ШYNGYS’қа тоқтауға тура келді. Альбом жазылымы және өңдеу аяқталып, нәтижесінде қанжығада 46 трек болды. Алайда төрт трек альбом концепциясымен үйлеспегендіктен қосылмады.
«Осы альбомды жазып жатып мен бір уақытта «Сүйікті құлы Алланың», «ТеңгеMakers», «Лас Оңтүстік», «ТеңгеMakers II», «Халық Жауы» альбомдарын жазып тастаған болатынмын. Қазір қарап отырып өзімнің мұншалықты еңбекқорлығыма, шабытыма таңғала тамсанып отырмын. Расында мен өз ісімнің адал фанатымын. Рэп менің есірткім, психотерапевтым, демалысым... Күйзелсем де, қуансам да, жыласам да, бұзылсам да, бәрі-бәрі менің рэпімде. Менің рэпім – менің өмірімнің айнасы. Менің шығармашылығымды бұрыннан бақылаған тыңдарман, осы альбомды тыңдаған соң менің түсініктерімнің, санамның түбегейлі өзгергенін байқайды. Мен де өзімді өз рэпімнен таныдым. Альбом аяқталды, тректердің бәрін плееріме тастап бір күн бойы тыңдадым. Көңілім толды ма, толмады ма... түсініксіз... Альбомда өмірлік философиялық ойлар тым көп, ал рэпті тыңдайтындардың көпшілігі бала-шаға, сондықтан альбомды ұғыну ол
...
Читать дальше »
Просмотров: 1027 |
Добавил: ADMIN |
Дата: 09.Дек.2013
|
|